Астанадағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Астананың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бір науқас жансақтау бөлімінен политравма бөлімшесіне ауыстырылған, жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

"Қыз бала (8 жаста – еск.) әлі жансақтау бөлімінде жатыр, бірақ есін жиды. Өміріне қауіп жоқ, жағдайы тұрақты ауыр. Үшінші науқас та политравма бөлімшесінде ем қабылдап жатыр", – деді Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Сондай-ақ, дәрігерлер аяғынан айырылған 8 жастағы қыз да жансақтау бөлімінен политравма бөліміне ауыстырылуы мүмкін екенін жеткізді.

"Бүгін ауыстырылуы мүмкін. Бірақ бәрі денсаулығына байланысты. Анасы жанында болады, психологтар жұмыс істейді", – деді басқарма өкілдері.

Еске салайық, 2 маусымда Астанада автобус жол бойындағы бағанаға соғылды. Жол апаты Республика даңғылында болды.

Жол апаты салдарынан 10 адам зардап шеккені хабарланды. Олар елорданың түрлі стационарларына жеткізілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!