• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Астанадағы алғашқы LRT станциясының видеосы пайда болды

Фото: Видео кадры

CTS көлік компаниясы LRТ станцияларының бірі қандай болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана халықаралық әуежайы аумағындағы Қабанбай батыр даңғылында орналасқан 101-станцияның ішінде эскалаторлар мен интерактивті экрандар бар, ал ол арқылы елорданың кадрлары көрсетіледі.

Терезе көптігінен ғимарат жарық. Ішінде лифттер бар, оны пайдаланып жолаушылар пойызға жету үшін жоғарыға көтеріле алады немесе қалаға шығу үшін төменге қарай түсе алады.

CTS мәліметтері бойынша №101 станцияның қасбеті бойынша жұмыстар 100 пайызға аяқталған.

Айта кетейік, LRT желісінде 18 станция бар. 2025 жылы барлық станцияның құрылысын толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget