- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанадағы ақылы автотұрақ:...
Астанадағы ақылы автотұрақ: айыппұлдан 2 миллиард теңге түскен
Астанадағы ақылы автотұрақтарға қатысты айыппұлдан 2 миллиард теңге түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты жасалған сәттен, яғни 2018 жылғы қарашадан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейін табысты бөлу былай белгіленген: мемлекеттік әріптестікке 5 пайыз, ал жеке серіктеске 95 пайыз мөлшерінде.
"Бұл - қаладағы ақылы тұрақтардан түсетін табыстың 5 пайызы бюджетке, 95 пайызы "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС-не тиесілі деген сөз. Мемлекеттік бюджетке осы 5 пайыз түсім аясында 12 миллион тенгеден аса табыс келді", - делінген басқарма мәліметінде.
Ал "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС табыс үлесі 95 пайыз екенін ескерсек, 2018 жылғы қарашадан бері компания 228 миллион теңге табыс тапқан.
Әкімдік өкілдері бюджетке ақылы тұрақ ақысына қарағанда, айыппұлдан түсетін кіріс мөлшері көбірек екенін мәлімдеді.
"Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты жасалғаннан бері Астананың қазынасына автотұрақтарға қатысты айыппұлдардан 2 миллиард теңгеден аса кіріс түсті", - деді әкімдік өкілі.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова