- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанадағы LRT тірегі...
Астанадағы LRT тірегі неге ағашпен жамалды? Маман жауап берді
Жақында әлеуметтік желілерде ағашпен жамалған LRT тірегінің суреттері жарияланып, желіде қызу талқыланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соңғы жылдары жиі талқыға түскен Астанадағы LRT тірегінің ағашпен жамалған суреті Telegram желісі арқылы тараған.
Желі қолданушылары "LRT аман болсын", "Ойлап таппайтындары жоқ", "Көк изолентамен жамау керек еді", – деп пікір қалдырған.
Жақында City Transportation Systems өкілдері қоғамда қызу талқыға түскен жағдайға байланысты түсініктеме берді.
"LRT құрылысының Ш.Қалдаяқов пен Қ.Қуанышбаев көшелерінің қиылысында, 114-115 учаскелер аралығында, NR14 тірегінде монолитті арқалықтардың ішкі жағын бетондау үшін шегендеп бекіту орнатылған. Бұл процесс тростардың алдын ала керілуінен кейін жүзеге асырылған. Қазір бетондау жұмыстары аяқталды. Шегендеп бекіту алып тасталды", – делінген ресми хабарламада.
Әлеуметтік желіде ағаш бекітулер алынып тасталған сурет те жарияланып үлгерді.
Еске салайық, жақында Астанадағы LRT құрылысында тағы бір сұмдық жағдай орын алған болатын. LRT бағанасына асылып қалған ер адамның мәйіті табылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева