Астанадағы LRT құрылысы қаржыландыру тоқтамаса, 2,5 жылда аяқталуы мүмкін. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сізге құрылыстың нақты қашан және қандай айда аяқталатынын айта алмаймын. Бұл сұрақ маған қойылған. Сонда мен LRT құрылысы тиісті қаржыландыру болса, 2-2,5 жылдың ішінде аяқталатынын айтқамын", - деді елорда әкімі.
Бұған дейін Көлік министрі Марат Қарабаев LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 150 млрд теңге керек екенін айтқан.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!