Астанада іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Астанада іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада іздеуде жүрген шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстағаны хабарланды.

"Іздеу жариялау бастамашысы - Өзбекстан Республикасы, Ташкент, Алмазар ауданы ІІБ. 45 жастағы ер адам алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген. Оның бұрын ұрлық және қарақшылық жасағаны үшін сотты болғаны анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина