Астаналық тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол психикалық ауруға шалдыққан. Жоғалған ер адамның туыстары оның 2020 жылғы қазанда хабар-ошарсыз кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат volunteers_rina.kz-те пайда болды.
Полиция қызметкерлері оның баспанасыз қалғандардың арасында болуы мүмкін екенін айтты.
"Ол психиатриялық бақылауда. Кейінгі мәлімет бойынша, ол Астанада тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдармен бірге болуы мүмкін. Қазір іздестіріп жатырмыз, - деп нақтылады Астана қаласы ПД өкілдері.
Жоғалған адамның белгілері: бойы 182 сантиметр, орта денелі, шашы мен көзі қара.
"Назарды көргендер немесе оның жүрген жері туралы мәлімет білетіндер болса, туыстары мен тәртіп сақшылары мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: +77013096363 немесе 102", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!