Астанада із-түзсіз жоғалған 12 жастағы оқушы 2 күннен кейін табылды

Астанада із-түзсіз жоғалған 12 жастағы оқушы 2 күннен кейін табылды

Астанада 2 күн бұрын жоғалып кеткен 12 жастағы оқушы табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, 7 cәуірде Икар Сейітжан үйінен Егемен Қазақстан көшесіндегі 15-үйге кітап алуға кеткен. Содан кейін бала үйіне қайтып оралмаған. Оны сол күні №8 мектеп-лицейінің жанынан көргендер болған.

Балаға іздеу жариялаған астаналық клуб еріктілері оны тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова