5 тамыздан бастап "Астана" вокзалындағы ақылы тұрақтың тарифтері өзгертіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Барлық пайдаланушы үшін ыңғайлы және қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында 2 сағаттан кейінгі 6 сағатқа дейінгі тұрақ үшін әр сағатына қосылатын 1 мың теңге төлем алынып тасталынады", - деп хабарлады City Transportation Systems.
Енді сағаттық тариф 200 теңге болады, яғни әр қосымша сағат үшін тек 200 теңге қосылады.
Мәселен, қазіргі тариф бойынша 3 сағаттық тұрақ үшін пайдаланушы 1200 теңге төлеуі керек. Жаңа тариф бойынша 3 сағат үшін 600 теңге алынады.
Одан көптеу уақыт, 6 сағатты салыстырсақ, қазіргі тариф бойынша ол 4 200 теңге, ендігі жаңа бағада – 1 200 тг.
"Астана" темір жол вокзалындағы ақылы тұрақ тарифі 2017 жылдан өзгерген жоқ. Тарифтік кесте тұрғындардан түскен өтініштердің нәтижесі бойынша және тұрақтарды пайдалану шығындарының қаржылық көрсеткіштерін ескере келе жасақталды", - делінген City Transportation Systems хабарламасында.
Салыстырмалы баға кестесін келесі суреттен қарай аласыздар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!