- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада үздік тауар...
Астанада үздік тауар өндірушілер анықталды
Астанада «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Аталған додада 60-қа жуық елордалық кәсіпорын бақ сынады. Көрмеге елордалық бизнес-қауымдастығының белді майталмандарымен қоса, стартап жобаларының иегерлері де белсене қатысты, деп хабарлайды astana.kz.
Атап өткен жөн, Елбасы жарлығына сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының ұйымдастырылуы ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншісіне берілді.
Байқаудың басты міндеті – отандық тауарлардың сапасы мен бәсекелестігін еліміздің және әлемдік талаптардың шарттарына сай арттыру болып табылады.
Көрме барысында отандық тауар өндірушілердің өнім сұрыптамалары көрермен назарына кеңінен ұсынылды. Сондай-ақ, қатысушылар: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» , «Үздік азық-түлік тауарлары» және «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» номинациялары бойынша марапатталды.
Жеңімпаздар қатарында «Astana Ютария ltd» тігін фабрикасы, жол белгілерін шығарумен айналысатын «Компания Теңіз +» ЖШС, «Алтын Орда» дизайн үйі, «Цесна Мак», «Апрель 2030» және «Golden Rill trade» ЖШС бар.
Ақпарат көзі: Bnews.kz
Р. Роза