Астанада үйге байқатпай кіріп, ұрлық жасаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордалық полицияға 26 жастағы жігіт мүлкі ұрланғаны туралы арызбен жүгінген. Тергеу барысында полицейлер жәбірленушінің жеке үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде белгісіз әйелдің үйге қалай кіріп, құралды ұрлағанын ешкім байқамағанын анықтады.
Оқиға орнына келген жедел уәкілдер арызданушымен сөйлесіп, қандай мүлік ұрланғанын анықтап, көршілері мен оқиға куәгерлерін табу үшін үй-үйді аралау жүргізді. Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық қылмыстық полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйдің аумағына заңсыз кіріп, ALTECO маркалы бұрғысын жасырын ұрлап, материалдық шығын келтірген 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Қаскүнем өз қылмысын мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!