Астанада үйдің кіреберісінде 22 жастағы қыз өлі табылды

Астанада 22 жастағы қыз өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм тұрғын үйдің 24-қабатынан құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде оқиға орнынан түсірілген суреттер тарады.

Астана полиция департаменті бүгін, 18 қазанда сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция бөліміне подъездің жанында тіршілік белгісі жоқ қыздың жатқаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.

"Полицейлер оқиға орнына жеткеннен кейін 22 жастағы марқұмның кім екені анықталды, ол қыз биіктен құлап кеткен", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!