- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада үй жануарын...
Астанада үй жануарын асыраушыларға талап күшейтілді
Енді Астанада итін қыдыртуға алып шыққандар міндетті түрде оның құжаты мен санитарлық кітапшасын да бірге алып жүруі тиіс.
Бүгін табиғатты қорғау полицейлері жұртқа осы ережелерді түсіндіріп, оны елемегендерге айыппұл салды. Осыған дейін тұмылдырық пен қарғыбауы болса итті емін-еркін алып жүруге кедергі қойылмайтын. Ал жаңа ереже ит асыраушыларды біраз әбігерге салатын түрі бар. Өйткені құжат пен ауырмайтыны туралы медициналық анықтамадан бөлек, төрт аяқтылардан қалған қоқысты енді иесі тазалап жүруге міндетті. Әрі итін қоғамдық орында серуендету үшін ол міндетті түрде үйретілген және сөз ұғатын болуы керек. Бұдан бөлек, қарғыбауға байланған жіп бір жарым метрден аспауы тиіс. Бұл талап сақталмаса жаппай айыппұл салынады.
"Ескерту беріледі немесе 3 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Ал егер ит адам өміріне қауіп төндіріп тістеп алған жағдайда 10 айлық, яғни 20 мың теңге айыппұл салынады", - дейді Астана қалалық ІІД табиғатты қорғау бөлімінің инспекторы Асан Қадыров.
Дереккөз: ktk.kz
@. @assel_assanova