- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада үй иесінің...
Астанада үй иесінің алтын бұйымдарын қолды қылған қолға түсті
Астанада үй иесінің алтын бұйымдарын қолды қылған күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам тұрғынның үйіне екі рет қонаққа келген. Алғашқы келуінде ешкім назар аудармаған сәтті пайдаланып, ол байқатпай, жатын бөлмеге кіріп, сөреден алтын сақинаны ұрлап кеткен.
Үй иелері ұрланған затты байқамағанына көз жеткізген ол, келесі келгенде тағы бір сақинаны ұрлаған.
Жалпы құны шамамен 300 мың теңге тұратын алтын бұйымдардың жоғалғанын байқаған үй иесі полицияға жүгінген. Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы жігітті анықтады. Белгілі болғандай, ол ұрланған сақиналарды ломбардқа өткізген.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер заттай дәлелдерді тәркіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина