Астанада үй ауласында баланы тоқ соққан

Астанада үй ауласында баланы тоқ соққан
Фото: Tengrinews.kz

Астанадағы аулалардың бірінде бес жасар баланы тоқ соғып, ол ауруханаға түсті. Полиция соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, оқиға тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы футбол алаңы маңында болған. Оқыс жағдай видеоға түсіп қалған.

"Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау дерегі бойынша соталды тергеу басталды", - деді полиция.

Алдын ала мәліметке сәйкес құрылыс компаниясына тиесілі кабель өртенген. Салдарынан бес жасар баланы тоқ соққан.

Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget