Астанада үш қабатты қонақүй өртенді

22 шілде, сейсенбі күні кешке Астана қаласындағы Асқар Тоқпанов көшесінде орналасқан үш қабатты қонақүйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт орнында арнайы штаб құрылып, су үздіксіз берілген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Өрт сөндірушілер келген кезде ғимаратта ашық жалын байқалған. Өрт кең таралған формада болған. Жалынды сөндіру үшін бірнеше су құрылғысы қолданылған. Өртті оқшаулау шаралары қабылданды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!