Астанада үш қабатты ғимарат өртенді

Астанада үш қабатты ғимаратта өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Байқоңыр ауданында шыққан.

Өртті сөндіру үшін 3 жауынгерлік учаске құрылып, 19 техника мен 90 адам жұмылдырылды.

"ТЖМ күштерімен өрт толықтай сөндірілді, жалпы ауданы 300 шаршы метр болған. Нақты мәлімет бойынша, 3-қабаттағы сөрелер мен төбе жанған, сондай-ақ жалын 2-қабаттағы баспалдақ алаңына өткен. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

ТЖМ оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!