Астананың Сарыарқа ауданы Дүкенұлы көшесі бойындағы үш қабатты әкімшілік ғимаратта өрт шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын хабарлады.
Нақтыланған мәліметтер бойынша Сарыарқа ауданында Дүкенұлы көшесі бойындағы жиһаз цехының төбесінде өрт шыққан. 3 шаршы метр аумақта электр сымдары өртенген.
Зардап шеккендер жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!