Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
30 маусымда 102-ге Нәжімеденов көшесіндегі үй ауласында 17-қабаттан бала құлағаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған.
Дерек расталған. Үш жасар қыз алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған. Сараптама тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!