- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада үш жасар...
Астанада үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Астанада үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 25 шілдеде Астанадағы көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған.
Ұл бала түрлі жарақата алып, ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескерту жасады:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлап кетуден қорғамайды;
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан