Астанада үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусымда болған.
"102" арнасына Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласында 9-қабаттан бала құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Үш жасар қыз алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Сараптама тағайындалды", - деді ПД өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!