Астанада үш альпнистің биіктен құлап мерт болуына қатысты күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
12 қазанда Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, олардың үшеуі қайтыс болған еді.
Полиция департаменті ҚК-тің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. ("Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу").
Тергеу барысында жұмыс беруші - ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды.
Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!