Астанада үш адам Ресейге заңсыз көлік сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада алаяқтар қала мен басқа да өңірлердің тұрғындарына автокредит ресімдеумен айналысқан. Сондай-ақ, иелерінің келісімінсіз және екінші деңгейдегі банктерде кепілде тұрған автокөліктерді Ресейге заңсыз сатқан.
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар үш адамды анықтады. Оларға 115-тен аса азамат алданып қалған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 1,6 миллиард теңге болады.
Астана қаласының Полиция департаменті осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар мен маңызды ақпараты барлардан полицияға хабарласуды сұрайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз