Астанада ұрының әккі әрекеті видеоға түсіп қалды

Астанада ұрының әккі әрекеті видеоға түсіп қалды
Фото: скриншот

Елордада сим-картаны ұрлап, ішіндегі ақшасын аударып алған ер адам анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есіл аудандық ПБ-ның қызметкерлері қоғамдық көлік аялдамаларының біріндегі сауда дүңгіршегінде ұрлық жасауға қатысы бар 33 жастағы ер адамды анықтады.

Ер адамның дүңгіршекке сатып алушы ретінде кіріп, сатушының алаңдаған сәтін пайдаланып, қаражатында жалпы сомасы 64 мың теңгені құрайтын 20 сим-картаны ұрлап кеткен. Осыдан кейін ол мобильді қосымша арқылы ақшаны қолма-қол есепшотқа аударған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласының полиция департаменті сауда орындарының иелері мен қызметкерлеріне ұрлықтың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді. Кассаны немесе тауарларды, әсіресе тұтынушылардың белсенділігі жоғары кезеңдерінде қараусыз қалдырмаңыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина