Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды
Фото: gov.kz

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылды, тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Полиция органдары соталды тергеп-тексеруді бастады", - деп жазылған хабарламада.

Комитет мәліметінше, болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Астана Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

"Алдын ала мәлімет бойынша 42 жастағы ер адам пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget