Астанада түрмеде отырған танысына келген сәлемдемеден 6 телефон шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел ақпаратты іске асыру барысында елордалық тергеу изоляторының қызметкерлері тергеу-қамауға алынған адамға 6 ұялы телефон мен оларға керек-жарақтарды беру фактісін анықтады. Танысы пирогқа телефондарды жасырып беруге тырысты.
Бұл дерек бойынша 22 жастағы астаналық жазаланды.
Ол ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабында (ҚАЖ мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға, тыйым салынған заттарға, бұйымдар мен заттарға беру) көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!