- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада тұрғындар оқушыны...
Астанада тұрғындар оқушыны көлiк қағып кеткен соң жолды жауып тастады
Астанада оқушыны көлiк қағып кеткен соң тұрғындар жолды жауып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
38-көшенің тұрғындары жолды жауып, көліктердің жүруіне кедергі келтірген. Олар көшеге жарық беруді талап етіп, видео үндеу жолдаған.
"Бүгін кішкентай баланы көлік қағып кеткен 38-ші көшені жауып жатырмыз. Көше қараңғы, жүргізушілер көрмей қалады. Жарық жоқ. Біздің ауданда жол апаты көп болатынын ескеріңіздер. Балаларымыздың үйге аман-есен оралғанын қалаймыз. Көшеге жарық жағыңыздар!", - дейді тұрғындар.
Тұрғындардың айтуынша,19 желтоқсанда сағат 17:50 шамасында Toyota Highlander автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесімен келе жатып, жолдың жүру бөлігін бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан 8 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізілді және дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
"Оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастады. Жиналғандармен әңгіме жүргізілді. Аталған учаскені жақсарту бойынша жол жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға жіберілді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова