Астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қалада ауа температурасының төмендеуіне байланысты елордада тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды", - делінген әкімдік хабарламасында.
Бұған дейін әлеуметтік нысандар - мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер - өтінімдеріне сәйкес жылумен қамтамасыз етілген.
Қаладағы барлық нысанға алдағы күндері кезең-кезеңімен жылу беріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек