- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада тұрғын үйден...
Астанада тұрғын үйден шыққан өрттен үш адам қаза тапты
Астанадағы Титов көшесіндегі жартылай жеке тұрғын үйден шыққан өрттен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана ТЖД-ға сілтеме жасап.
Бүгін түнгі сағат 01:25-те Астананың Өрт сөндіру қызметіне Титов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген уақытта екіпәтерлі тұрғын үйде 70 шаршы метр алаңда өрт шықты. Өртсөндірушілер жанып жатқан үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарды. Ер адам орташа дәрежедегі улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді.
Өртсөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылдары туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты.
Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілді.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек