Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кіреберістегі төбе опырылып түсіп, тұрғындардың үстіне құлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде "Көктем" тұрғын үй кешенінің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсірілген видео тарады. Видеода ғимараттың төбесінен су ағып жатқанын байқауға болады. Осы сәтте төбенің бір бөлігі құлағанда, әйел мен бала баспалдаққа қарай бет алған. Абырой болғанда, тұрғындар жарақат алмаған.
Астана төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты шағым түспегенін хабарлады.
Жазба авторлары көпқабатты үйдің тұрғындары тұрғын үй кешенін тұрғызған компанияның жіберген ағаттықтары туралы бірнеше рет шағымданғанын айтты.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы осы жылдың наурыз айында үйді салған "Сайран-Социаль" ЖШС-не қатысты тексеріс жүргізген. Содан кейін олар бүкіл тұрғын үй кешенін, оның ішінде кіреберістерді де тексерген.
"Тексеріс қорытындысы бойынша 2024 жылғы 28 наурызда құрылыс салушыға жол берілген бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, аталған ұйғарымның талаптары орындалмағандықтан, департамент материалды орындау үшін сот органдарына жіберді", - деп хабарлады әкімдік.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істі өндіріске қабылдады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!