Астанада тұрғын үй ауласында көлік қаққан кішкентай бала қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 3 мамырда Иманов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Бала 1 жас 8 айлық болған.
"Kia Seltos маркалы көлік жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кеткен. Жол апаты салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деді Астана ПД өкілі.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова