Астана полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күзет қызметкерлерінің мекеме клиентінен ақша бопсалау фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түнгі клубтың 21 және 24 жастағы күзетшілері Абай көшесінде 230 мың теңге көлемінде ақшаны алып жатқан жерінде ұсталған. Бұған дейін Астана тұрғыны полицияға арыз беріп, күш қолданып, қорқыту арқылы өзінен 1,5 миллион теңге көлемінде ақша бопсалағанын хабарлаған.
Қазір бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмысқа қатысы барлар қамауға алынды. Осы қылмысты жасағаны үшін баптың санкциясы шектеу немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!