Астанада түнде көлікпен жарыс ұйымдастырғандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жолда экстремалды жүру әуесқойлары Оңтүстік-Батыс айналма тас жолында ұсталды.
Іс-шара түнгі уақытта өткен, онда тас жолда 19 көліктің жүргізушілері өзара жылдамдыққа жарысқан.
Оқиға орнына келген полицейлер жарыстың барлық қатысушыларын ұстады.
Бұл дерек бойынша жол белгілері мен таңбаларын сақтамағаны, техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін және тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқарғаны үшін 17 әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық бұзушылардан мемлекеттік нөмірлік белгілері тәркіленді, автомобильдер коммуналдық тұраққа қойылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!