Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері түн ортасында тұрғын үйлердің бірінің ауласында киімсіз жүріп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан 48 жастағы ер адамды ұстаған.
Полиция департаменті мәліметінше, бұл оның алғашқы әрекеті емес.
"Бұған дейін де ер адам өзенге жалаңаш күйде түсіп, жұртшылықтың назарын аударған. Алайда бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығармаған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес құқық бұзған адам орташа дәрежедегі масаң күйде болған", - деді Астана ПД өкілі.
Сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адамға 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!