Астанадағы стоматологиялық орталықтардың бірінде 20 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды. Бұл ақпаратты Астана қаласының Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қаладағы стоматологиялық орталықтардың бірінде 20 жастағы тұрғынның қайтыс болу дерегі бойынша Астана қаласының Полиция департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр. Қазір бірқатар тергеу шарасы тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады", – делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Астанадағы стоматологиялардың бірінде Есболған Мұрат Жеңісханұлы есімді жігіт қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді.
"Қолда бар мәліметке сүйенсек, стоматолог аллергияға сынама жасамай, препарат еккен. Инъекциядан кейін Мұраттың денесі құрысып, жағдайы күрт нашарлаған. Соған қарамастан, оған препарат қайта егілген. Кейін Мұрат көз жұмды. Сондай-ақ, жарияланымда аллергиялық сынамасыз екпені практикант жасағаны, ал стоматолог жағдайды тиісті деңгейде бақыламағаны айтылған. Оқиға орнында 1993 жылы туған медбике болған", – делінген жазбада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz