Астанада көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейд күшейтілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері 500-ден аса түрлі құқықбұзушылықты анықтаған. Олардың ішінде ең көп кездесетіндері - көші-қон заңнамасы талаптарын, жол қозғалысы ережелерін, қоғамдық тәртіпті, абаттандыру қағидаларын сақтамау, сондай-ақ, қоғамдық орындарды ластау және басқа да құқықбұзушылықтар.
"Тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқан азаматтарға қатысты 200-ден аса дерек анықталды. 80-нен аса адам қоғамдық орындарда мас күйде жүрген. Кәмелетке толмағандар түнде тұрғын үйден тыс жерде болуына байланысты 60-қа жуық дерек тіркелді", - деді полиция.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге жол бермеуге байланысты 50-ге жуық жағдай анықталған.
Алкоголь өнімдерін сату саласындағы заңнама талаптары сақталуына да ерекше назар аударылған. Осы бағытта 7 құқықбұзушылық тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!