Астанада Триумфалды арка астындағы жерасты өткелін қалпына келтіру жұмыстары басталды

Астанада Триумфалды арка астындағы жерасты өткелін қалпына келтіру жұмыстары басталды
Фото: Астанадағы жерасты өткеліне түсу

"Триумф аркасы" тұрғын үй кешенінің жерасты өткеліндегі тайғақ тақтайшаларды өзгертпей, тек ескілерін жөндеп, брусчаткаларды тегістейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанадағы Триумфалды арка тұрғын үй кешенінің астындағы жерасты өткелін қайта жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады қала әкімдігі. Бірақ оннан астам елорда тұрғындарының құлауына себеп болған тайғақ тақтайшаларды ауыстырмайды.

"Жер асты өткелінде ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, кіре берістегі сынған тақтайшалар, арка бойындағы көтерілу және кейбір жерлердегідей брусчатка қайта төселуде, өйткені ол толқын тәрізді майысып кетті (сол брусчатка жаңа емес, қайта төселуде)", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар жұмыстар демеушілер есебінен орындалатынын жеткізді.

2023 жылдың желтоқсан айында астаналықтар жерасты өткелінің тайғақтығына шағымданған болатын. Бұдан кейін Астананың Есіл ауданының әкімдігі ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты тайғақ болғанын хабарлады.

BES.media редакциясы өткелде сырғанап бара жатқан адамдардың видеосын жариялағаннан кейін шағын аудан әкімі Асылбек Есенбаев өз Instagram парақшасында қызыл кілемнің суретін жариялады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы