• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Астанада тосын жайтқа тап болған 4 жасар балақай құтқарылды

Астанада тосын жайтқа тап болған 4 жасар балақай құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада 4 жасар балақай құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға елорданың Есіл ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған. Қараусыз қалған кішкентай қыз бала ойнап жүріп, қолын жылыту радиаторына тығып, қайта шығара алмай қалған.

"Мазасызданған ата-ана 112 қызметіне хабарласты. Құтқарушылар гидравликалық сайманның көмегімен батареяның арасын ашып, баланың қолын босатты. Бала зардап шеккен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова