Астанада төрт мыңнан аса адамға автобуста жолақысын төлемегені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Автобустарда жол жүру құны көлік картасымен немесе QR-код арқылы төлеген кезде 90 теңге тұрады. Алайда 4 225 жолаушы тегін жүруді шешкен. Нәтижесінде жеті мың теңгеден айыппұл төледі.
Жыл басынан бері елордада қоғамдық көлікте жол ақысын төлемеген 107 003 дерек анықталды. Оның ішінде 4 225 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 30 миллион теңге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!