Астанада зорлық-зомбылық үшін халықаралық іздеуде жүрген германиялық ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады.
Қылмыскер Германияның Қылмыстық кодексінің 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Ол Астана Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!