Астанада төрт жігіт гипермаркет жабылған соң ойына келгенді істеген

Астанада төрт жігіт гипермаркет жабылған соң ойына келгенді істеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

13 қыркүйекте TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіт "Анвар" гипермаркетінде оның жабылуын күтіп, іште неше түрлі әрекетке барғаны түсірілген видео анықталды.

Құқық бұзушылар жеке күзет мекемесінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлерімен ұсталып, кейін олар мән-жайды анықтау үшін полицияға тапсырылды.

Бұзақылар ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!