- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балалалар өлімі
Астанада төрт баланың өлімі: әкім зардап шеккендерге көмек туралы айтты
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бірнеше күн бұрын өрттен зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін елордада жеке екі қабатты тұрғын үйде жартылай құлаған шатыр өртеніп, төрт бала қаза тапқан.
Астана әкімі тұрғын үйсіз қалғандарға көмек көрсету мәселесі қалай шешілетінін айтты.
"Бұл мәселе қарастырылып, шешімін табамыз. Екінші отбасына уақытша жатақхана берілді, алда бұл отбасымен қосымша жұмыс істейтін боламыз. Қазір олардың тұрғын үй мәселелері шешіліп жатыр. Өртенген үйді екі отбасы жалға алып тұрған", - деді Қасымбек елордалық кәсіпкерлермен кездесуде.
Еске салайық, жантүршігерлік өрт 17 қараша күні таңертең болған еді. Жеке екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай өрт салдарынан опырылып, төрт бала қаза тапты. Себептері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елорда әкімдігі бұған дейін зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге уәде берген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек