Астана полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері табиғи ресурстарды заңсыз өндіру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер құқық бұзушылық жасауға қатысы бар адамдарды анықтады. Күдіктілер арнайы техниканың көмегімен топырақты қазып, тиеп, одан әрі қаладағы құрылыс алаңдарына жеткізгені белгілі болған.
Қазіргі уақытта 15 күдікті анықталып, 7 көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Аталған факті бойынша жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!