Астанада Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Төле би көшесін салу жобасы аясында жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, осыған байланысты 12-13 қыркүйекте Бұқар Жырау мен Төле би көшелері қиылысында көлік қозғалысы толық жабылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағытын жоспарлап, өзгерістерді ескеруін сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.
Сурет: Астана әкімдігі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова