Астанада толассыз жаңбыр жауып, қаладағы көлік қозғалысы тоқтап қалды. Астаналықтар қоғамдық көліктің жоқтығына, жол апаттарының көбейгеніне және такси қызметінің қымбаттығына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғындар әдетте тып-тыныш жататын көшелерде аяқ асты болған бейберекетсіздікке алаңдап отыр. Картаға қарасақ, қаладағы кептеліс тоғыз балға жеткен. Сығанақ көшесі, Мәңгілік Ел даңғылы және басқа да бағыттарда көлік қозғалысы қиын.
"Автобус атымен жоқ, жаңбыр жауып тұр. Апокалипсис дерсің. Астанада жаңбырдың кесірінен көлік кептелісі бар", - дейді астаналықтар.
Сондай-ақ, тұрғындар қалада такси бағасының кәдімгі күндерге қарағанда айтарлықтай қымбаттағанын айтып отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!