Әлеуметтік желіде Астанада төбелес болып, соңы адам өлімімен аяқталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алайда Астананың Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"15 шілдеде Торайғыров көшесіндегі тұрғындар жанжалдасқан. Оқиға орнына келген полиция төбелес шығарғандарды істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне алып кетті. Жанжал барысында зардап шеккендер жоқ. Төбелес шығарғандар бір-біріне арыз жазған жоқ", - дейді қалалық ПД өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!