- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада төбелес шығарып,...
Астанада төбелес шығарып, жәбірленушілердің телефонын тартып алғандар ұсталды
Астанада төбелес шығарып, жәбірленушілердің телефонын тартып алғандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жігіттер арасындағы жанжал Жұмабаев көшесіндегі үйдің ауласында орын алды. Жастар компаниясы, екі жігіт және екі қыз "GEELY" маркалы автокөліктің салонында болған. Осы кезде оларға бір жігіт жақындап, жүргізушімен және жолаушылармен сөйлесу барысында олармен сөзге келіп қалған. Жанжал соңы төбелеске ұласып, ұрысты бастаған жігіт жәбірленушілерден екі телефонды тартып алып, қашып кетті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы полиция бөлімінің полицейлері, тонауға қатысы бар 25- жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол ұрланған телефондарды сатып жіберген. Тәртіп сақшылары гаджеттерді тәркілеп, иелеріне қайтарып берді.
Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұрын сотталған ер адам мойындау көрсетпелерін берді, осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды ескертеді. Қоғамдық орындарда болған кезде, қымбат заттар мен қомақты сомадағы ақшаны көрсетпеуге тырысыңыз. Егер сізге немесе сіздің жақындарыңызға қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу полицияға хабарлау қажет.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина