- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада теміржол материалдарын...
Астанада теміржол материалдарын ұрлаған қылмыстық топ сотталды
Астанада екі жыл бойы темір жолда материал ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
2022 жылдың аяғында Көлік полициясы департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі "Жаңаарқа жол дистанциясы" қызметкерлері қатарынан ұйымдастырылған қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларын ұстады, олар екі жыл ішінде темір жолдарды ауыстыруға және жөндеуге арналған жолдың жоғарғы құрылысының материалдарын аса ірі мөлшерде ұрлаған.
"4 сәуірде бұл іс бойынша Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды, қылмыстық топты ұйымдастырған 9 адам, оның ішінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлері бар. Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен қатысушылары әртүрлі мерзімге – 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина