Астаналық құтқарушылар балаға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін, 22 тамызда Астанада 2015 жылы туған ұл бала темір қоршаудан секірмек болғанда аяғын қоршаудың істігіне тығып, өздігінен шығара алмай қалған.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен аз уақытта зардап шеккен баланың аяғын босатып, оны жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне табыстады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз