Астанада темір қоршаудан секірмек болған тоғыз жастағы бала күтпеген жайтқа тап болды

Астанада темір қоршаудан секірмек болған тоғыз жастағы бала күтпеген жайтқа тап болды
Фото: видеодан алынған кадр

Астаналық құтқарушылар балаға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 22 тамызда Астанада 2015 жылы туған ұл бала темір қоршаудан секірмек болғанда аяғын қоршаудың істігіне тығып, өздігінен шығара алмай қалған.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен аз уақытта зардап шеккен баланың аяғын босатып, оны жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне табыстады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан